Фестиваль картасы
Сұрақтар мен жауаптар
Фестивальға өзіңмен бірге не әкелу керек?
Ең бастысы - жеке төлқұжат, онсыз фестивальға кіре алмайсың.
Өтініш, төлқұжатыңның түпнұсқасын ала кел. Құжаттың электронды нұсқасы да жарайды.
Біз қоршаған ортаға қамқорлық танытамыз, сондықтан өзіңмен бірге термос немесе эко саптыаяқ әкелсең, қуанышты боламыз.
18-ГЕ ТОЛМАСАМ, БИЛЕТ САТЫП АЛУҒА БОЛА МА?
Біздің фестиваліміздің форматы 18+. 18 жасқа толмағандарға фестивальға кіруге болмайды.
ФЕСТИВАЛЬҒА ҚАЛАЙ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ? ТРАНСФЕР ЖАҒЫ ҚАЛАЙ?
24 маусым күні автобустардың барлығы Sxodim Fest-ке Спорт сарайынан (Байтұрсынов көшесінің бойында Абай даңғылы мен Сәтпаев көшелерінің аралығында орналасқан көлік тұрағы) жүреді.

“VIP” билеттері бар қонақтар үшін автобустар 12:00-ден бастап қатынайды

“Standart” билеттері бар қонақтардың автобустары 14:00-де жүре бастайды

Фестивальға дейінгі трансфер 19:00-ге дейін қатынап тұрады.

Қалаға сағат 21:00 мен 23:30 аралығында қайтуға болады.

Автобустар адам толған бойда жүріп отырады

Трансферді алдын-ала ойластырып қойыңыздар! Трансфер билеттерін https://fest.sxodim.com сайтынан алуға болады.

Фестиваль күні билеттерді сол жерде сағат 19:00-ге дейін сатып ала аласыздар.
БИЛЕТТІ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?
Билетті қайтару үшін бізге help@sxodim.com поштасына жаз немесе +7 747 132 2328 нөміріне хабарлас.
help@sxodim.com
+7 747 132 2328
© 2023 Давай Сходим