«СХОДИМ ФЕСТ» ШАРАСЫНА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Құрметті қонақ, бұл Фестивальға келу ережелерінде “Давай Сходим!” медиатобы мен Lincoln Conferences ұйымдастырған (бұдан әрі - Ұйымдастырушылар) Фестивальға (бұдан әрі - Іс-шара) кіру және өзін-өзі ұстау ережелері сипатталған.

Бұл шартта Ұйымдастырушылар мен Іс-шараға билет сатып алған тұлғалардың (бұдан әрі - Қонақтар) құқықтары мен міндеттері белгіленген. Билетті сатып ала отырып, сіз төмендегі ережелермен және шарттармен келісесіз.
БИЛЕТ САТЫП АЛУ ЖӘНЕ ТАРИФТЕР
Іс-шара билеттерін тек билет сататын серіктес-операторлар көмегімен және «Давай сходим!» арқылы sxodim.com сайтынан ғана сатып алуға болады. sxodim.com және фестивальдың серіктес-сайттарынан басқа жерден алынған билеттер жарамсыз болып саналады.

Билет ақысы төленген соң, Қонақтың sxodim.com сайтына тіркелген кезде берген e-mail мекенжайына Фестивальға Тарифтерге сай кіруге мүмкіндік беретін электрондық билет жіберіледі. Сонымен қатар, сатып алған билет «Давай Сходим» сайтын қолданушының жеке кабинетіндегі «Менің профилім» бөлімінде де қолжетімді болады. Тіркелу кезінде қате e-mail берілсе, Ұйымдастырушылар билеттің дубликатын бере алмайды.

Билет сатып алған кезде Қонақтар sxodim.com сайтының Құпиялылық саясатымен келіседі.

Бір Қонақ ең көбі 5 билет сатып ала алады.

Электрондық билеттің QR-кодын және билеттің өзін көшіруге тыйым салынған. Электрондық билетті үшінші тұлғаларға беру заңсыз саналады. Билет көшірілген немесе үшінші тұлғаларға берілген жағдайда Іс-шараға кіру мүмкін болмайды.

Билетті Іс-шараға кірерде мобильді құрылғыдан көрсетуге болады, билетті басып шығару міндетті емес.

«Early Bird» тарифі бойынша Іс-шараға кіру қарастырылған. Тариф бағасы - 10 000 теңге. Тариф бойынша билеттер саны - 500 дана. Тарифтің билеттерін тек sxodim.com сайтынан алуға болады, Іс-шараға кірер алдында бұл бағаға билет сатып алу мүмкін емес. Тарифтің құнына тамақ, сусындар мен Іс-шараға жету және қайту трансфері кірмейді. Бұл тарифтің билеттерін тек 24-сәуірге дейін сатып алуға болады.


«Стандарт» тарифі бойынша Іс-шараға кіру қарастырылған. Тариф бағасы - 12 000 теңге. Тариф бойынша билеттер саны шектеулі. Ұйымдастырушы Іс-шара басталғанға дейін бір ай бұрын тарифтің бағасын 14 000 теңгеге дейін көтеруге құқылы. Іс-шара Қонақтары тариф бағасының артқаны жайында Іс-шара сайты (fest.sxodim.com) мен Іс-шараның әлеуметтік желілері (Инстаграм мен Телеграм-бот) арқылы хабардар етіледі. Тариф бойынша билеттерді тек sxodim.com сайтынан алуға болады, Іс-шараға кірер алдында бұл бағаға билет сатып алу мүмкін емес. Тарифтің құнына тамақ, сусындар мен Іс-шараға жету және қайту трансфері кірмейді.

«VIP-билет» тарифіне Іс-шараға кіру, тамақ пен сусындарға ваучер (1 билет = 1 ваучер), VIP-аумақтағы бассейнге кіру, шезлонгтар, душ, Іс-шараға VIP-трансфермен (20 орындық спринтер) жету және қайту трансфері кіреді. Тариф бағасы - 30 000 теңге. Тариф бойынша билеттер саны шектеулі (200 дана). Тариф бойынша билеттерді тек sxodim.com сайтынан алуға болады, Іс-шараға кірерде бұл бағаға билет сатып алу мүмкін емес.

«Gate Price» тарифі бойынша Іс-шараға кіру қарастырылған. Тариф бағасы – 16 000 теңге. Тариф бойынша билеттерді тек Іс-шараға кірер алдында Ұйымдастырушылардан сатып алуға болады. Тариф бойынша билеттер саны шектеулі. Тарифтің құнына тамақ, сусындар мен Іс-шараға жету және қайту трансфері кірмейді.

«Трансфер»опциясы бойынша Іс-шараға автобустармен жету және қайту қарастырылған. Автобустар Қонақтарды 2023 жылдың 24 маусымында Алматы қаласындағы Байтұрсынов көшесінің бойында Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніне қарама-қарсы орналасқан «Спорт Cарайы» Аялдамасынан алып кетеді. Автобустар сағат 14:00-ден бастап қатынап, Қонақтарды Первомайский тоғандарына дейін жеткізеді. Қайту трансфері Первомайский тоғандарының көлік тұрағынан Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніне дейін іске асырылады. «Трансфер» опциясының бағасы – 2 500 теңге. Қонақтар «Трансфер» санын сатып алған билеттерінің санына сәйкес алуы қажет. «Трансфер» опциясын sxodim.com сайтынан, «Спорт Сарайы» Аялдамасы маңындағы волонтерлардан және Іс-шара кезінде сатып алуға болады. Қонақ тек бір бағыттағы трансферді сатып алса да, опция бағасы 2 500 теңге болады.

«2 орындық глэмпинг» опциясына Іс-шараға 2 VIP-билет, 24 маусымда глэмпингте 2 адамның түнеуі, VIP-аумақтағы бассейнге кіру, тамақ пен сусынға 2 ваучер, Іс-шараға бару және қайтуға арналған 2 «Трансфер» опциясы, 25 маусымда Первомайский тоғандары аумағындағы LOOK дәмханасында екі адамға арналған таңғы ас кіреді. Опция бағасы - 85 000 теңге. «2 орындық глэмпинг» опциясы бойынша билеттер саны шектеулі. Билеттерді тек sxodim.com сайтынан алуға болады, Іс-шараға кірерде билеттерді бұл бағаға сатып алу мүмкін емес. Ұйымдастырушы Іс-шараға бір ай қалғанда опция бағасын 95 000 теңгеге дейін көтеруге құқылы. Іс-шара Қонақтары бағаның артқаны жайында Іс-шара сайты (fest.sxodim.com) мен Іс-шараның әлеуметтік желілері (Инстаграм мен Телеграм-бот) арқылы хабардар етіледі.

«3 орындық глэмпинг» опциясына Іс-шараға 3 VIP-билет, 24 маусымда глэмпингте 3 адамның түнеуі, VIP-аумақтағы бассейнге кіру, тамақ пен сусынға 3 ваучер, Іс-шараға бару және қайтуға арналған 3 «Трансфер» опциясы, 25 маусымда Первомайский тоғандары аумағындағы LOOK дәмханасында үш адамға арналған таңғы ас кіреді. Опция бағасы - 110 000 теңге. «3 орындық глэмпинг» опциясы бойынша билеттер саны шектеулі. Билеттерді тек sxodim.com сайтынан алуға болады, Іс-шараға кірерде билеттерді бұл бағаға сатып алу мүмкін емес. Ұйымдастырушы Іс-шараға бір ай қалғанда опция бағасын 120 000 теңгеге дейін көтеруге құқылы. Іс-шара Қонақтары бағаның артқаны жайында Іс-шара сайты (fest.sxodim.com) мен Іс-шараның әлеуметтік желілері (Инстаграм мен Телеграм-бот) арқылы хабардар етіледі.
БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТАРУ САЯСАТЫ
Билеттерді қайтару Ұйымдастырушыларды Іс-шара басталғанға дейін кемінде 1 (бір) тәулік бұрын электрондық пошта арқылы жазбаша хабардар еткен жағдайда мүмкін болады. Қайтару Іс-шараны өткізу шарттарына және Ұйымдастырушы шарттарына сәйкес болған жағдайда ғана жүзеге асырылады, басқа жағдайларда сатып алынған Билеттің ақшасын қайтару мүмкін емес.

Қонақтың қаражаты Қонақ Сайт арқылы алған Билетті қайтарған жағдайда қайтарылады, бұл үшін Қонақ help@sxodim.kz электрондық поштасы арқылы Операторға жазбаша түрде өтініш жасап, тапсырыс номерін және Билетті сатып алу кезінде берген электрондық поштасы мен Билеттен бас тарту себебін жазып жіберуі қажет.
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Құпиялылық саясатының толық нұсқасын сілтеме арқылы оқып шығуға болады.

Сіз сайтымызға кірген кезде біз мынадай ақпаратты сақтап қоямыз: Сіз біздің сайтқа қай вебсайт арқылы өткеніңізді (реферерлер); қаралған парақшаларды; жүктеген файлдарды (жүктелімдер); қаралған видео/аудио файлдарды; басылған сілтемелерді; іздеуге арналған сөздер мен тіркестер (сайтта іздеу); сайтта қанша уақыт болғаныңызды; қолданылған браузер және т.б. Егер сіз сайтымызға онлайн-жарнама, мәселен, баннер, бейнежарнама, іздеу жүйелерінің жарнамасы, т.б. арқылы өтсеңіз, Сіздің «Давай сходим!» сайтына кіруіңізге септігін тигізген баннер, adword, т.б. туралы ақпаратты да сақтап қоямыз.
ТӨЛЕМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛДІГІ
CloudPayments процессинг орталығы Сіздің банк картаңыздың мәліметтерін PCI DSS 3.0. қауіпсіздік стандарты бойынша өңдеп, қорғайды. Ақпаратты төлем шлюзіне жіберу SSL шифрлау технологиясы арқылы іске асырылады. Ақпарат одан әрі қауіпсіздік деңгейі аса жоғары жабық банк желілері арқылы жіберіледі. CloudPayments Сіздің картаңыздың мәліметтерін бізге немесе үшінші тұлғаларға бермейді. Карта иесінің қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure протоколы қолданылады.

Жасалған төлемге қатысты сұрақтарыңыз болса, support@cloudpayments.kz электрондық поштасы арқылы төлем сервисінің клиенттерді қолдау қызметінің көмегіне жүгіне аласыз.
ІС-ШАРАҒА КІРУ
Іс-шараға тек билет және жеке төлқұжаттың түпнұсқасы болса, кіруге болады;

Сатып алынған билеттер кіреберісте білезіктерге ауыстырылады. Ұйымдастырушылар білезіктерді қонақтың жеке басын растайтын құжат көрсетілген соң ғана береді;

Төлқұжаты жоқтар, оны көрсетуден бас тартқандар және жасы 18-ге толмағандар фестивальға кіргізілмейді;

Қонақ білезікті іс-шара болып жатқан кезде тағып жүруі тиіс, браслетті шешуге немесе үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Фестиваль ұйымдастырушылары мен күзет қызметі қонақ Первомайский тоғандары аумағында жүрген кезде кез-келген уақытта және фестиваль аумағына кіреберісте, шығаберісте білезіктің бар-жоғын тексеруге құқылы;

Бүлінген, желімделген, жыртылған, өлшемі Қонаққа тым үлкен білезіктер жарамсыз болып саналады;

Билеттерді немесе браслеттерді қолдан жасауға болмайды, мұндай жағдайлар туындаса, тұлғалар іс-шараға кіргізілмейді;
ҚАУІПСІЗДІК
Іс-шара кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, Ұйымдастырушы іс-шара қонақтарына қауіп төндіруі мүмкін заттарды кіргізуге тыйым салуға немесе оларды уақытша алып қоюға құқылы. Жарылғыш заттар, есірткі, алкоголь, пиротехникалық құрылғылар, шыныдан жасалған заттар, қолшатыр, тез тұтанатын және/немесе улы заттар, қару-жарақ, пышақ, бұрыш құтылар мен күзет қызметі қауіпсіз деп тапқан кез-келген басқа заттарды әкелуге тыйым салынған;

Аккредитациядан өтпеген Қонақтарға дрон әкелуге болмайды;

Қонақтарға іс-шара аумағына алкоголь, тамақ, су әкелуге тыйым салынған. Іс-шара кезінде барлық қонақтарға су жеткілікті болады, сонымен қатар, тамақтану үшін фудзона да болады.

Іс-шара аумағына самокат, велосипед, роликтер және өзге де қозғалыс құралдарымен кіруге болмайды. Тек мүгедек арбаларына ғана рұқсат етілген.

Іс-шараға жануарлар алып кіруге тыйым салынған. Құжат жүзінде расталған қызметтік жануарларды алып кіруге рұқсат етіледі.
ІС-ШАРАҒА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қонақтар іс-шара кезіндегі жалпы ережелер мен өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауға міндетті. Іс-шараның басқа қонақтарына қауіп төндіретін әрекеттерге жол берілмейді, ереже бұзған қонақтар іс-шарадан дереу шығарылады;

Іс-шара аумағында қоқыс шашуға тыйым салынған. Іс-шара аумағында қонақтар қолдана алатын қоқыс жәшіктері жеткілікті. Қоқыс жәшіктеріндегі таңбаларға мән беріңіз.

Есірткі заттарын қолдануға қатаң тыйым салынған. Алкогольге немесе есірткіге масайған адамдар іс-шара аумағынан шығарылады.
ШАҒЫМДАРДАН БАС ТАРТУ
Іс-шараға билет сатып ала отырып, қонақтар іс-шара кезінде Ұйымдастырушылардың, Аккредитациядан өткен баспасөз өкілдерінің, Іс-шара Серіктестерінің және іс-шараның өзге де қонақтарының фото- және/немесе видеотүсірілім жүргізуіне келісім беретінін растайды.

Іс-шараның барлық қонақтары Іс-шара кезінде түсірілген барлық фото- және видеоматериалдарды Ұйымдастырушылардың немесе іс-шара Серіктестерінің мүдделеріне сай көпшілікке жариялы түрде пайдалануға толық және абсолютті құқық береді.

Жоғарыда аталған материалдарда көпшілікке танымал тұлғалар болып саналатын адамдардың аты-жөндері қосымша рұқсатсыз аталуы мүмкін;

Ұйымдастырушылар іс-шара кезінде Ұйымдастырушылар, Іс-шара Серіктестері, сондай-ақ, іс-шара Қонақтары түсірген фото- және видеоматериалдарды пайдалануға толық және абсолютті құқыққа ие болады. Фото- және видеоматериалдарды Ұйымдастырушылар қалауы бойынша кез-келген мақсатта пайдалана алады.

Іс-шараға билет сатып ала отырып, Қонақтар бұл шарттармен келіседі және фото- және видеоматериалдардың қолданылғаны үшін қандай да бір өтемақыдан бас тартады. Қонақтардың өздерінің қатысуымен жасалған фото- және видеоматериалдарды қолдануды тоқтатуды талап етуге құқы жоқ.

Қонақтарға іс-шара кезінде фото- және видеоматериалдар түсіру үшін смартфондар, планшеттер қолдануға рұқсат етіледі, бірақ іс-шара кезінде түсірілген материалдарды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

Күзет қызметі коммерциялық, жарнамалық және авторизациясы жоқ басқа да кез-келген белсенділіктердің жолын кеседі;

Стэйдж-дайвинг (көпшілік үстіне сахнадан секіру), крауд-серфинг (көрермендердің қолдарының көмегімен «жүзу»), мошпиттер (көпшілік арасындағы бос шеңбер ішінде ретсіз және агрессивті қимылдар) мен бидің басқа да кез-келген агрессивті түрлеріне қатаң тыйым салынған. Бұл ережені бұзған Қонақтар іс-шарадан шығарылады;

Көлге шомылуға тыйым салынған. Ереже бұзушылар іс-шарадан шығарылады;

Бассейнге шомылуға VIP-билет болған жағдайда рұқсат етілген. Алкогольге, есірткіге масайған күйде бассейнге шомылуға тыйым салынған;

Іс-шараға қатысы жоқ кез-келген демонстрацияларға тыйым салынған;

Күзет Қызметі мен Ұйымдастырушылар іс-шара аумағында бұл ережелердің сақталуын қадағалайды. Қонақтар Ұйымдастырушылармен бірлесіп, қажет жағдайда нұсқаулықтарды орындауға келіседі;

Қонақтар Ұйымдастырушылардың алдын-ала аккредитациясынан өтпей, іс-шара кезінде дронмен ешқандай түсірілім жүргізуге болмайтынын мойындайды;

Дронмен түсірілім жүргізуге аккредитация жасаған Қонақтардың қолында Ұйымдастырушылардың рұқсаты болуы тиіс, сондай-ақ, олар басқа қонақтардың қауіпсіздігін қадағалап, апаттық жағдайлар тудырмауы тиіс.
ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР
Ұйымдастырушылар осы ережелерді қасақаны бұзғаны үшін, немесе Ұйымдастырушы ереже бұзып, адам өліміне, физикалық әл-ауқат пен денсаулықтың нашарлауына соқтырған жағдайлар үшін ғана жауапты болады, Қонақтың заңды құқықтарынан тыс басқа кез-келген зақымдар үшін жауапты емес.

Ұйымдастырушылар Қонақтардың жүктері мен жеке заттарын сақтамайды, сондай-ақ, қараусыз қалған заттарға жауапты емес. Іс-шара аумағында табылған заттарды кіреберіске апарып қоюға болады, жоғалған заттар туралы да сол жерден нақтылауға болады.

Ұйымдастырушылар көлік тұрағы үшін, көлік тұрағына қойылған барлық көліктер мен кез-келген басқа техника үшін жауапты емес;

Іс-шараның VIP-аумағы тек VIP-билет иелеріне ғана ашық;

Ұйымдастырушылар қолайсыз күн райына байланысты Іс-шараны өткізбеуге міндетті емес. Алайда, форс-мажор және/немесе эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты билік Іс-шараны өткізбеуді талап етсе, Іс-шара өткізілмейді;

Ұйымдастырушылар лайн-апты өзгертуге құқылы;

Кіреберісте берілетін білезіктері жоқ Қонақтар Іс-шарадан шығарылады.

Пікір қалдырғысы келетін, идеяларын бөлісуді қалайтын, серіктестерге, Ұйымдастырушыларға немесе іс-шараның басқа кез-келген қатысушынысына қатысты шағым білдіргісі келетін Қонақтар іс-Шара Ұйымдастырушыларына жүгіне алады.
help@sxodim.com
+7 747 132 2328
© 2023 Давай Сходим