25 МАУСЫМ / 15:00 – 23:00
ПЕРВОМАЙСКИЕ ПРУДЫ
25 МАУСЫМ / 15:00 – 23:00
ПЕРВОМАЙСКИЕ ПРУДЫ

«СХОДИМ ФЕСТ» ШАРАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Құрметті қонақ, бұл Фестивальға қатысу ережелері "Давай сходим!" медиатобы мен Lincoln Company (әрі қарай – “Ұйымдастырушылар”) ұйымдастырған Фестивальға (әрі қарай —"Іс-шара") кіру және жүріп-тұру ережелерін нақтылайды.

Бұл шарттар арқылы Ұйымдастырушылар мен Іс-шараға билет сатып алушылардың (әрі қарай—"Қонақтар") құқықтары мен міндеттерін бекітіледі. Билетті сатып ала отырып, сіз төмендегі ережелер және шарттармен келісетініңізді растайсыз.
БИЛЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ ЖӘНЕ ТАРИФТЕР
Іс-шара билеттерін тек қана "Давай Сходим!" билеттік операторы арқылы sxodim.com сайтынан сатып алуға болады. sxodim.com сайтынан өзге жерлерден (бөгде ресурстардан және «қолдан») сатып алынған билеттер жалған болып саналады.

Билет ақысы төленген соң, Қонақтың sxodim.com сайтына тіркелу кезінде жазған e-mail мекенжайына Іс-шараға Тарифтерге сай кіруге мүмкіндік беретін электрондық билет жіберіледі. Сондай-ақ, билетті қолданушының "Давай Сходим" сайтындағы "Менің профилім" бөліміндегі Жеке Кабинетінен де алуға болады. Тіркелу кезінде e-mail мекенжайыңызды қате жазсаңыз, Ұйымдастырушылар сізге билет дубликатын бере алмайды.

Билет сатып ала отырып, Қонақтар sxodim.com сайтының Құпиялылық Саясатымен келісетінін растайды.

1 қонаққа 5 билеттен артық сатылмайды.

Электрондық билеттің QR-кодын немесе билеттің өзін көшіруге тыйым салынған. Электрондық билетті басқалармен бөлісуге болмайды. Мұндай жағдайда немесе билет көшірілген болса, Іс-шараға кіре алмайсыз.

Билетті кірерде мобильді құрылғыдан көрсетуге болады, билетті қағазға басып шығару міндетті емес.

«Early Bird» тарифі бойынша Іс-шараға кіруге болады. Тариф бағасы – 8 000 теңге. Бұл тариф бойынша билеттер саны – 500 дана. Тариф бойынша билеттер тек sxodim.com сайтында сатылады, Іс-шараға кіреберісте бұл бағаға билет сатып ала алмайсыз. Іс-шараға барып-қайту трансфері, тамақ пен сусындар бұл тарифпен сатылған билет құнына кірмейді.

«Стандарт» тарифі бойынша Іс-шараға кіру қарастырылған. Тариф құны – 10 000 теңге. Тариф бойынша сатылатын билеттер саны шектеулі. Ұйымдастырушы Іс-шараның өтуіне бір ай қалғанда тариф бағасын 12 000 теңгеге дейін өсіруге құқылы. Іс-шара Қонақтары тарифтің қымбаттағаны жөнінде Іс-шара сайты (fest.sxodim.com) арқылы және Іс-шараның әлеуметтік желілердегі парақшалары (Инстаграм мен Телеграм-бот) арқылы хабардар етіледі. Тариф бойынша билеттер тек sxodim.com сайтында сатылады, Іс-шараға кіреберісте бұл бағаға билет сатып ала алмайсыз. Іс-шараға барып-қайту трансфері, тамақ пен сусындар бұл тарифпен сатылған билет құнына кірмейді.

«VIP-билет» тарифі бойынша Іс-шараға кіру, VIP-аумақта тамақ және сусындар алу (1 билет = 1 ваучер), VIP-аумақтағы бассейнге кіру, Іс-шараға автобуспен барып-қайту трансфері қарастырылған. Тариф құны – 20 000 теңге. Тариф бойынша сатылатын билеттер саны шектеулі. Тариф бойынша билеттер тек sxodim.com сайтында сатылады, Іс-шараға кіреберісте бұл бағаға билет сатып ала алмайсыз.

«Gate Price» тарифі бойынша Іс-шараға кіру қарастырылған. Тариф бағасы – 15 000 теңге. Тариф бойынша билеттерді тек қана Іс-шара өтетін күні кіреберісте Ұйымдастырушылардан сатып алуға болады. Тариф бойынша сатылатын билеттер саны шектеулі. Іс-шараға барып-қайту трансфері, тамақ пен сусындар бұл тарифпен сатылған билет құнына кірмейді.

«Трансфер» опциясына Іс-шараға автобустармен барып-қайту жолы кіреді. Автобустар Қонақтарды 2022 жылдың 25 маусымында Алматы қаласы Байтұрсынов көшесі бойындағы Балуан Шолақ спорт кешеніне қарама-қарсы орналасқан «Спорт Сарайы» аялдамасынан алып кетеді. Автобустар сағат 14:00-ден бастап Қонақтарды Первомай тоғанына дейін жеткізіп отырады. Қайту трансфері бойынша Қонақтар Первомай тоғанының көлік тұрағынан Балуан Шолақ спорт кешеніне дейін жеткізіледі. «Трансфер» опциясының бағасы – 1 500 теңге. Қонақтар «Трансферлер» санын билеттерінің санына сәйкес сатып алуы керек. «Трансфер» опциясын sxodim.com сайтынан, «Спорт Сарайы» аялдамасының маңындағы Іс-шара волонтерларынан және Іс-шара кезінде сатып алуға болады. Қонаққа тек бір бағыттағы трансфер қажет болса да, бұл опцияның бағасы 1 500 теңге болып қалады.
«2 орындық глэмпинг» опциясына Іс-шараға 2 VIP-билет, глэмпингте 2 адамға қону, VIP-аумақтағы бассейнге кіру, VIP-аумақта 25 маусымда тамақ пен сусын алуға 2 ваучер, Іс-шараға автобуспен барып-қайтуға 2 “Трансфер” опциясы, 26 маусым 9:00-13:00 аралығында Первомай тоғаны аумағындағы LOOK кафесінде 2 адамға таңғы ас ішу кіреді. Опция құны - 70 000 теңге. «2 орындық глэмпинг» опциясы бойынша сатылатын билеттер саны шектеулі. Билеттерді тек қана sxodim.com сайтынан алуға болады, Іс-шараға кіреберісте бұл бағаға билеттер сатып ала алмайсыз. Ұйымдастырушылар Іс-шарадан бір ай бұрын опция құнын 80 000 теңгеге дейін өсіруге құқылы. Қонақтар бағаның қымбаттағаны жөнінде Іс-шара сайты (fest.sxodim.com) және Іс-шараның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы (Инстаграм мен Телеграм-бот) алдын-ала хабардар етіледі.

«3 орындық глэмпинг» опциясына Іс-шараға 3 VIP-билет, глэмпингте 3 адамға қону, VIP-аумақтағы бассейнге кіру, VIP-аумақта 25 маусымда тамақ пен сусын алуға 3 ваучер, Іс-шараға автобустармен барып-қайтуға 3 “Трансфер” опциясы, 26 маусымда 9:00-13:00 аралығында Первомай тоғаны аумағындағы LOOK кафесінде 3 адамға таңғы ас ішу кіреді. Опция құны - 100 000 теңге. «3 орындық глэмпинг» опциясы бойынша сатылатын билеттер саны шектеулі. Билеттерді тек қана sxodim.com сайтынан алуға болады, Іс-шараға кіреберісте бұл бағаға билеттер сатып ала алмайсыз. Ұйымдастырушылар Іс-шарадан бір ай бұрын опция құнын 120 000 теңгеге дейін өсіруге құқылы. Қонақтар бағаның қымбаттағаны жөнінде Іс-шара сайты (fest.sxodim.com) және Іс-шараның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы (Инстаграм мен Телеграм-бот) алдын-ала хабардар етіледі.
БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТАРУ САЯСАТЫ
Билеттерді қайтару Ұйымдастырушыларға Іс-шарадан 24 сағат бұрын электрондық пошта арқылы жазбаша түрде ескертіп, хат жазсаңыз ғана мүмкін болады. Іс-шараны өткізу шарттары мен Ұйымдастырушылардың ережелеріне сәйкес келетін жағдайларда ғана қайтарылады, басқа жағдайларда сатып алынған Билеттің ақшасы қайтарылмайды.

Билетті Сайт арқылы Сатып алушының ақшасы help@sxodim.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша Операторға жазбаша түрде өтініш жасалса, қайтарылады. Хатқа міндетті түрде сатып алынған Билетті қайтару себебі, Билетті сатып алған кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен тапсырыс нөмері жазылуы тиіс.
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Құпиялылық саясаты жөнінде толығырақ мына сілтеме бойынша оқи аласыз.

Сіз біздің сайтқа кірген кезде біз келесі мәліметтерді сақтап қоямыз: Сіз біздің сайтқа ауысып келген вебсайт (реферер); көріп шыққан парақшалар; көшірілген файлдар; көріп шыққан видео/аудио файлдар; басылған сілтемелер; іздеу үшін қолданылған сөздер мен тіркестер (сайтта іздеу кезінде); сайтта болған уақыт ұзақтығы; қолданылған браузер, т.б. Егер Сіз онлайн-жарнама, мәселен, баннер, видеожарнама, іздеу жүйелерінің жарнамасы және басқа жарнама түрлері арқылы сайтқа кірген болсаңыз, біз «Давай сходим!» сайтына кіруге себеп болған баннер туралы мәлімет, adword, т.б. сақтап қоямыз.
ТӨЛЕМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛДІГІ
CloudPayments процессинг орталығы Сіздің банк картаңыздың мәліметтерін PCI DSS 3.0. қауіпсіздік стандарты бойынша қорғап, өңдейді. Мәліметтерді төлем шлюзіне жіберу кезінде SSL шифрлау технологиясы қолданылады. Мәліметтерді әрі қарай жіберу процесі сенімділік дәрежесі ең жоғары жабық банк желілері арқылы жүргізіледі. CloudPayments Сіздің картаңыздың мәліметтерін бізге және бөгде адамдарға ешбір жағдайда жібермейді. Карта иесінің қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure протоколы қолданылады.

Егер жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, төлем сервисінің клиенттерді қолдау қызметінің support@cloudpayments.kz электрондық мекенжайына хат жаза аласыз.
ІС-ШАРАҒА КІРУ
Іс-шараға тек қолыңызда билетіңіз және төлқұжатыңыздың түпнұсқасы болса ғана, кіре аласыз;

Сатып алынған билеттердің орнына кіреберісте браслеттер беріледі. Қонақ жеке басын растайтын құжатты көрсеткен соң ғана Ұйымдастырушылар браслеттерді береді;

Төлқұжаты жоқтар, құжатын көрсетуден бас тартқандар және 18 жасқа толмағандар фестивальға кіргізілмейді;

Фестиваль аумағында жүргенде Қонақ браслетті шешпеуі тиіс, оны басқа адамдарға беруге де болмайды. Ұйымдастырушылар фестиваль аумағында жүрген кезіңізде, Первомай тоғанына кіреберісте және шығарда браслетіңіздің бар-жоғын тексеруге құқылы;

Бүлінген, жабысып қалған, жыртылған немесе Қонақтың қолына тым үлкен болып тұрған браслеттердің күші жойылып, жалған болып саналады;

Билеттер мен браслеттерді қолдан жасауға болмайды, мұндайды жасағандар іс-шараға кіргізілмейді.
ҚАУІПСІЗДІК
Іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, Ұйымдастырушылар Іс-шара Қонақтарына қауіп төндіретін заттарды уақытша алып қоюға немесе кіргізуден бас тартуға құқылы. Іс-шараға жарылу қаупі жоғары заттар, есірткі, алкоголь, пиротехникалық өнімдер, шыны бұйымдар, қолшатыр, тез жанғыш және улы заттар, қару-жарақ, бұрышты баллондар және күзет қызметі қауіпті деп тапқан басқа да заттарды алып кіруге болмайды;

Қонақтар аккредитациядан өтпесе, өздерімен бірге түсірілім жасау үшін дрон алып кіре алмайды;

Қонақтарға Іс-шара аумағына алкоголь, тамақ пен сусындар алып кіруге тыйым салынған. Іс-шара кезінде Қонақтарға су жеткілікті болады және тамақтануға арналған фудкорттар ұйымдастырылады;

Іс-шара аумағына самокат, велосипед, ролик және басқа да қозғалыс құралдарымен кіруге тыйым салынған. Тек мүгедектер арбаларына ғана рұқсат етілген.

Іс-шараға жануарлармен кіруге болмайды. Растау құжаты бар қызметтік жануарларға ғана рұқсат етіледі.
ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қонақтар Іс-шарада өзін-өзі ұстаудың жалпы ережелері мен нормаларын ұстануы тиіс. Іс-шараның өзге қонақтарына қауіп төндіретіндей әрекет жасауға болмайды. Ереже бұзған қонақтар Іс-шарадан бірден шығарылады;

Іс-шара аумағын ластап, қоқыс тастауға болмайды. Іс-шара аумағында Қонақтарға қоқыс тастау үшін қоқыс жәшіктері жеткілікті болады. Қоқыс жәшіктерінің маркировкасына мән беріңіз.

Есірткі заттарын қолдануға қатаң тыйым салынған. Ішімдік ішкен, есірткі қолданған адамдар Іс-шара аумағынан бірден шығарылады.
ШАҒЫМДАРДАН БАС ТАРТУ
Іс-шараға билет сатып ала отырып, Қонақтар іс-шара кезінде Ұйымдастырушылардың, Аккредитациядан өткен БАҚ-ның, Іс-шара Серіктестерінің фото және/немесе видеотүсірілім жасауына келісімін береді.

Іс-шараның барлық Қонақтары Іс-шара кезінде түсірілген фото және видеоматериалдарды іс-шара Ұйымдастырушылары мен/немесе Серіктестеріне қажетіне орай көпшілікке жария етіп пайдалануына толық және абсолютті құқық береді.

Бұл материалдарда көпшілікке танымал тұлғалардың аттары олардың қосымша рұқсатынсыз аталуына болады;

Іс-шара кезінде Ұйымдастырушылар, Іс-шара Серіктестері мен Іс-шара Қонақтары түсірген фото және видеоматериалдардың бәрін қажетінше қолдануға Ұйымдастырушыларға толық және абсолютті құқық беріледі.

Іс-шараға билет сатып ала отырып, Қонақтар бұл шарттармен келіседі және фото және видеоматериалдарды қолдану үшін қандай да бір өтемақы талап етуден бас тартады. Қонақтар өздері түскен фото және видеоматериалдарды қолдануға тыйым салуға құқылы емес.

Қонақтарға іс-шара кезінде фото және видеоматериалдар түсіру үшін смартфон, планшеттер қолдануға рұқсат етіледі, бірақ іс-шара кезінде түсірілген материалдарды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынған.

Коммерциялық, жарнамалық, басқа да авторизациядан өтпеген белсенділік түрлерін күзет қызметі дереу тоқтататын болады;

Стэйдж-дайвинг (сахнада тұрып, төмендегі адамдарға қарай секіру), крауд-серфинг (көрермендердің қолдары көмегімен «жүзу»), мошпит (көпшілік арасында шеңбер жасап, ортасында түсініксіз қимылдар жасап, агрессивті түрде билеу) және бидің басқа да агрессивті түрлеріне тыйым салынған. Бұл ережені бұзған Қонақтар Іс-шарадан бірден шығарылады;

Көлге шомылуға тыйым салынған. Ереже бұзушылар Іс-шара аумағынан шығарылады;

Бассейнде VIP-билет болса ғана шомылуға рұқсат етіледі. Алкоголь, есірткі қолданғандарға бассейнде шомылуға тыйым салынған;

Іс-шараға қатысы жоқ кез-келген демонстрацияларға тыйым салынған.

Іс-шара аумағында аталған ережелердің бұзылмауын Күзет Қызметі мен Ұйымдастырушылар қадағалайды. Қонақтар қажет болған жағдайда Ұйымдастырушылармен бірлесе әрекет етіп, нұсқаулықтарын орындауға келісімін береді.

Қонақтар Ұйымдастырушылардан алдын ала аккредитациядан өтпесе, Іс-шара кезінде дронмен түсірілім жүргізуге болмайтынын растайды;

Дронмен түсірілім жүргізу үшін аккредитациядан өткен Қонақтардың Ұйымдастырушылар берген рұқсаты болуы тиіс және өзге қонақтардың қауіпсіздігін ескеріп, апатты жағдай тудырмауы керек.
ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАР
  • Ұйымдастырушылар аталған ережелер қасақана бұзылған жағдайда, Ұйымдастырушылар ережені бұзып, адам өліміне соқтырған, денсаулыққа зақым келтірілген жағдайларда жауапты болады. Қонақтың заңды құқықтары шеңберінен тыс басқа залалдар үшін Ұйымдастырушылар жауапты емес.

  • Ұйымдастырушылар Қонақтардың жеке заттары мен жүктерін сақтамайды және қадағалаусыз қалған заттар үшін жауапкершілік алмайды. Іс-шара аумағынан табылған заттарды кіреберіске апару керек және жоғалған заттар туралы сол жерден мәлімет алуға болады.

  • Ұйымдастырушылар көлік тұрағы үшін, көлік тұрағына қойылған автокөліктер мен басқа техника үшін жауапты емес;

  • VIP-аумақ тек VIP-билет иелері үшін ғана ашық;

  • Ұйымдастырушылар Іс-шараны ауа райының қолайсыздығы себепті өткізбей қоюға міндетті емес. Алайда форс-мажор немесе эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік талап етсе, іс-шара өткізілмейді.

  • Ұйымдастырушылар лайн-апқа өзгеріс енгізуге құқылы;

  • Кіреберісте берілетін браслеттері жоқ Қонақтар Іс-шара аумағынан шығарылады.

  • Өз идеяларын бөліскісі келген, Серіктестерге, Ұйымдастырушыларға немесе Іс-шараның басқа қатысушыларына шағым айтқысы келген Қонақтар Іс-шара Ұйымдастырушыларына жүгіне алады.
Фестивальге Билеттер сатып алғанда, әр адам ұйымдастырушылар, сондай-ақ Первомайский тоғандары белгілеген ережелерді сақтауға кепілдік береді.

Трансфер үшін жауапкершілікті трансферді жүзеге асыратын оператор-компания көтереді.

Құжаттың болмауы, ұсынудан бас тарту немесе 18 жасқа дейінгі сатып алынған билеттер үшін қаражатты қайтармай фестивальға кіруден бас тартудың себебі;

Келушілерге іс-шара аумағына алкоголь мен тамақ әкелуге тыйым салынады. Іс-шарада барлық келушілер үшін тамақ, жеңіл тағамдар мен сусындар жеткілікті болады, сонымен қатар тамақ ішуге болатын аймақ;